Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдық Фалина Лидия есімді әйелдің үйін машина түйіп кеткен

c 15:06, 25/08/2020 c 532

0:00 / 0:00

Оралдық Фалина Лидия есімді әйелдің үйін машина түйіп кеткен.Оқиға 2020 жылдың 7 қаңтарында болған.Содан бері үйдің құлаған қабырғасы жөнделмеген.Кінәлі тарап сотпен анықталса да , соттың шешімін орындауға асықпай отыр. 7 қаңтар күні Фалина Лидияның үйіне фольксваген 5 автокөлігі түйіскен.Соның салдарынан жар опырылып, төбе ортасына түсіп кеткен.Бріақ кінәлі тарап олқылықты жөндеуге асықпай отыр деп шағымданады 72 жасар Фалина Лидия.
Фалина Лидия 72 жаста.Бұл үйде қызымен және екі немересімен тұрып жатқан.7 қаңтар күні үйге түйіскен автокөлік үйге айтарлықтай зақым келтірген.Өздеріңіз көріп тұрғандай қабырғасы опырылып кеткен. Қабырғаның жарылып кетуі салдарынан осы бөлменің төбесі де опырылып кеткен. Үйде тұру қауіпті дейді кейуана. Соттың шешімі наурыз айында шыққан. Кінәлі тарап келтірілген шығынды өтеуі тиісті. Бірақ біздің кейіпкеріміз әлі күнге соттың шешімі орындалмай отыр деп қапаланады.
Үйді түйіп кеткендер анықталған, олардың кінәсі де дәлелденген. Соттың шешімі де бар, кінәлі тарап, шығынды өтеуі керк.БҚО жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы істі қарауға алған.Сот орындаушы қажетті жұмыстарды жасап жатыр.Бірақ шығын бірден өтелмейді.
Соттың шешімі орындалады, келтірілген шығын өтеледі. Бірақ, әлі біраз күту керк.Себебі мұндай істер дереу орындалмайды. Ал, әзірге бұл кісіге үйге жөндеуді өзіне жүргізуге тура келетін түрі бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.