Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралдағы жаңа "Ақжайық" шағынауданында 150 көп пәтерлі тұрғын үй салынады

c 17:19, 08/06/2018 c 1033

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде құрылыс бөлімі басшысы мәлімдеді. Қазіргі күні жаңа шағын аудан салынатын аумақта инженерлік коммуналдық инфрақұрылым жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар 2019-жылы аяқталады.

Осынау бос жатқан аумақта "Ақжайық" деп аталатын жаңа шағын аудан пайда болмақ. Ауданда 150 көпқабатты үй, 9 жалпы білім беретін мектеп, 8 мектепке дейінгі мекеме, 78 спорт нысаны және 3 емхана салынады деп жоспарланып отыр. Ал қазір үлкен жобаның алғашқы жұмыстары басталған.

Шағын ауданның жалпы аумағы 425 гектарды құрайды. 50 мың адам осы жерде қоныстанады деп жоспарланып отыр. Алдымен билік өкілдері коммуналдық желілерді қамтамасыз етпек.

Жұмыстар 2019-жылы аяқталуы тиіс. «Ақжайық» шағынауданына тезірек жету үшін көпір салынады. Бұл мақсатқа бюджеттік және шетелдік қаржылар да тартылып, Қарашығанақ кен орнынан өңірдің әлеуметтік жобаларына жыл сайынғы бөлетін қаржысының сомасы 10 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.