Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда модульдік полиция бекеті ашылды

c 19:18, 16/10/2020 c 453

0:00 / 0:00

Орал қаласында жаңа полиция бекеті ашылды. Қала тұрғындары көп шоғырланатын орын ретінде бекет тұңғыш президент алаңында орналасып отыр. Осы жерде және қаланың тағы 4 ауданында жергілікті полиция қызметі халыққа етене жақын болып, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуды мақсат тұтуда.

Ел президентінің халықпен етене жақын болып қызмет ету қажет деген тапсырмасы аясында осындай модульдік бекеттерді ашу қолға алынған болатын. Бекетте полиция қызметкерлері үзіліссіз жұмыс жасайды. Бұл бейбіт тұрғындарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тиімділігін арттырады деп күтілуде.

Әрбір полиция бекеті өз аумағында оқыс оқиғаға жедел түрде араласып, қоғамдағы тәртіпті сақтауға үлес қосатын болады. Қала тұрғындары да енді бұрынғыдай полиция бөлімшесін іздеп сабылып жүрмейді. Тағы 4 заманауи үлгідегі бекет Аяжан, Сити центр, Жәңгір хан сауда орталықтарының маңы мен орталық базар ауданынан орын теппек. Учаскелік инспекторлар да бұл бекет өз жұмыстарын оңтайландырады деген үмітте.

Бір бекетте 2 қызметкер жұмыс жасайды. Алда облыс орталығында тағы осындай бірнеше модульдік бекетті ашу жоспары бар. Естеріңізге сала кетеміз, осыған дейін Ақсай қаласында осындай 5 нысан қолданысқа берілген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.