Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда қираған ғимарат көп

c 16:23, 19/11/2020 c 704

0:00 / 0:00

Орал қаласында шаһар көркін бұзып, қараусыз қалған ғимараттар көп. Сала мамандары облыс орталығында сақалды құрылыс пен қирайын деп тұрған 28 нысанды анықтаған. Қала көркін бұзып тұрғын ғимараттар мәселесін облыс әкімі бірнеше мәрте көтеріп, арнайы жиын ұйымдастырған-ды. Сол жиынның нәтижесінде арнайы комиссия құрылып, қараусыз қалған нысандардың иелерімен байланысқа шыққан.

Көне шаһарда көп жылдан бері қараусыз, қоршаусыз тұрған ғимарат көп. Аталмыш ғимараттардың ауласына бөгде адамдар емін-еркін кіріп-шыға алады. Сақалды құрылыс пен көп жылдан бері қараусыз қалған жекеменшік нысандарға белгілі мекен-тұрағы тұрағы жоқ жандар мен қызық қуған балалар әуес.

Көп жылдан бері құрылысы аяқталмаған нысандардың біразы қаланың орталығында орналасқан. Қалалық әкімдік маңындағы 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы он шақты жылдан бері аяқталмай келеді. Сала мамандары үйдің екі қожайыны соттасып жатқанын айтады.

Атақты Ет комбинатының аумағында әскери немесе қорқынышты кино түсіруге болады. Қазірдің өзінде кейбір жандар осы нысанның қасында суретке түседі. Комбинаттың ауласында қоршау жоқ. Ғимараттың тозығы жетіп, құлаудың шақ алдында.

Орал қаласында қараусыз және құрылысы аяқталмаған нысанның 15 иесі әлі жекеменшік нысанында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға құлықсыз. Ал заңнама бойынша олар бұл талаптарды сақтауға міндетті. Сала мамандары қала мен ауданның көркін бұзып, адамдарға қауіп төндіріп тұрған ғимараттардың иелерімен жұмысты жалғастырамыз,- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.