Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал - мейірім мекені

c 20:31, 01/10/2018 c 1184

0:00 / 0:00

Оралда төртінші қайырылымдылық гранд балл өтті. Биылғы жылы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасының ауқымы кеңейіп, республикалық сипатқа ие болған. Ақ жайық өлкесінде ұйымдастырылған салтанатты шараға ат басын бұрып келген жұлдызды қонақтардың саны да екі есеге дейін артып, биылғы жылы шаһарымызға 15 жұлдыз келген еді. Қызыл кілемнің үстінде жүріп өткен жұлдыздарды көруге келген Оралдықтардың да қарасы қалың болды. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражаттың барлығы Гулхая Жуашбаеваның емделуіне жұмсалмақ.

Оралда төртінші мәрте ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы жұлдыздардың қызыл кілемнің үстінен жүріп өтуінен басталды. Шара қайырымды, өзге адамға қамқор болуға үндейді.

Биылғы жылы облыс орталығында ұйымдастырылған қайырымдылық балына 120 дебютант қатысты. Олар бір айдың көлемінде түрлі қайырымдылық шарасына қатысып, қам көңіл жандарға көмек қолын соза білді. Төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараның биылғы жылы ауқымы кеңейіп, республикалық деңгейге көтеріліп отыр. Қайырымдылық шарасына қатысқан жастар еліміздің түрлі қаласының тумалары. Жастардың бірі оқу орынында білім алса, енді бірі түрлі салада қызмет жасап жатыр.

Биылғы жылы ұйымдастырылып отырған шараға қазақ эстрадасының 15 жұлдызы арнайы табан тіреді. Олардың қатарында Төреғали Төреәлі, Мөлдір Әуелбекова, Гүлнұр Оразымбетова, Тамара Асар сынды
танымал әншілер болды. Олар сахнаға шығып, жүрекжарды пікірілерін білдіріп, әуезді әнін көрерменге сыйлаған еді.

Кештің жұлдызды қонақтарының ішінде белгілі кинопродюссер Нұрлан Қоянбаев та бар еді. Атақты продюссер қайырылымдылық шарасынан алған әсерін былай деп жеткізді.

Биылғы жылы ұйымдастырылған кештің басты ерекшелігі -  егде тартқан жандардың биі еді. Біраз жасты еңсерген жандар жастық кезін естеріне түсіріп, көрерменге керемет биді тарту етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.