0:00 / 0:00
Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі таратты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Полиция мен Мемлекеттік күзет қызметі күдіктілерді жалдамалы пәтерлерден ұстаған. Тергеу мәліметінше, олар марихуана, гашиш және каннабис шайырын таратқан. Тәртіп сақшыларының ерекше назарын есірткі қосылған печенье аударған. Жалпы салмағы 100 грамнан келетін 238 дана кондитерлік өнім тәркіленді. Тінту кезінде шамамен 12 келі есірткі, ірі көлемдегі қолма-қол ақша, банк карталары мен есірткіні өлшеп, қаптауға арналған құралдар табылған.







