0:00 / 0:00
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық басқарушыларға аудару көлемі бір айда 5,1 есе өсті. Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жеке басқарушы компанияларға 58,3 млрд теңге аударылған. Аударымдар саны да тамызбен салыстырғанда 3,1 есе артып, 39,8 мыңға жетті. Ал қаражатын жеке басқаруға берген азаматтар саны үш есе өсіп, 36,7 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіштер 2021 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткен. Сарапшылардың пікірінше, өсімге заңнамадағы өзгерістер әсер еткен. Еске салайық, 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 100 пайызын жеке басқарушы компанияларға беру мүмкіндігі ұсынылған болатын.







