Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда балабақшадағы кезекші топтар қауіпсіздікті күшейтті

c 17:04, 19/10/2020 c 597

Орал қаласында 10 мың бала бөбекжайға кезекте тұр. Қазіргі таңда 50 мемлекеттік, 67 жеке мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасауда. Бірақ бүгінде балалар тек кезекші топтарға ғана қабылданады. Сондықтан балабақшаға баратын бүлдіршіндер саны 7 мыңнан ғана асып отыр.

Орал қаласында жаңа қаулы шыққан соң да балабақшалардағы кезекті топтар жұмысын жалғастыруда. Нөмірі 45-ші "Нұр сәт" балабақшасында 12 кезекші топта 15 бала тәрбиеленуде. Ата-аналары жұмыс жасайтын отбасы бүлдіршіндері санитарлық талаптар сақталған балабақшаға әр күн сайын дене қызулары тексеріліп барып қабылданады.  Балабақша дәрігері күн сайын балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды. Егер қызу, басқа да ауру белгілері байқалса, бүлдіршін бірден бөлек бөлмеге ауыстырылады. Онда барлық қажет заттар жабдықталған.  Бөбекжайдағы балалар санитарлық талаптарды, қолды жиі-жиі сабындап жуып, тазалықты сақтауды үйренген. Баланың аты бала, дегенмен ара қашықтық сақтау қадағаланады. Айта кетейік, осыған дейін өңірде екі бірдей балабақша қызметкерінен жаман індет анықталған болатын.  Орал қаласында қазіргі таңда 50 мемлекеттік, 67 жеке балабақша жұмыс жасап жатыр. 565 кезекші топта 7238 бала тәрбиеленуде. Тек мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешілері ғана қашықтан жұмыс жасауда. 10 мыңдай бала мектепке дейінгі балабақша кезегінде тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.