Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал халықаралық әуежайына күрделі жөндеу жүргізіледі

c 12:11, 08/07/2019 c 994

0:00 / 0:00

Орал халықаралық әуежайына күрделі жөндеу жүргізіледі.40 жылға жуық халыққа қызмет етіп келген Орал қаласындағы әуежай қазір заманауи талаптарға жауап бермейді.Бірнеше бағытта әуе қатынасы жүретін халықаралық әуежайдың заман талабына сай болғаны адамдардың жайлылығы үшін қажет дүние.Талай адамның сынына іліккен әуежайда құрылыс жұмыстары бастау алды.40 жылға жуық халыққа мүлтіксіз қызмет етіп келе жатырған бұл әуежайға бірде -бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген.Тек 2015 жылы ұшып - қону жолағына жөндеу жүргізіліп, заманауи талаптарға икемделген болатын.Тозығы жеткен ғимарат пен әбден ескірген техникалық жабдықталу ісі тұрғындар тарапынан талай сынға ілігіп еді.Енді сол олқылықтың орыны толатын болды.
Әуежайдағы құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1,5 милрд құрайды.Мердігер компания құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп отыр.Құрылыс жұмыстарынан соң әуежай аумағы кеңейіп, халықаралық стандарттарға сай қызмет түрі көрсетілетін болады деп күтілуде.
Әуежайда жүретін құрылыс жұмыстары әуе рейістеріне кедергі келтірмейді .

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.