Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласындағы жылу электр орталығына газ берілді

c 18:06, 06/06/2018 c 926

0:00 / 0:00

Тұрғындар ыстық суға қосылып, қиуы қашқан мәселе шешімін тауып келеді. Бұл жөнінде "Жайық жылу қуат" АҚ мәлімдеді. Дегенмен кәсіпорын әлі тұтынушылардан 660 млн. теңге қызмет ақысын өндіре алмай отыр. Осы мақсатта борышты қайтару шарасы үздіксіз жүріп жатыр. Сондай-ақ жылу таратушылар өздерінің газға қарызын өтеу үшін несие алуға мәжбүр екендерін айтып берді.

Орал жылу электр орталығына газ беру 25-мамырда тоқтатылған болатын. Оған басты себеп -"Қазтрансгазаймақтың" алдындағы 880 млн. теңге көлеміндегі үлкен қарыздың өтелмеуі. Салдарынан қала тұрғындары ыстық сусыз қалды. Ал коммуналдық кәсіпорынның жылу электр орталығындағы қызметкерлерінің жұмыс уақыты қысқарып, 20 жедел топтың құрамында жұмыс жасауға көшті. Олар қызмет ақысын төлемейтін 5 мыңнан астам пәтерді аралап шығыпты.

Қала әкімдігінде аталмыш мәселеге қатысты жиын өтіп, борышкерлермен күресті қатаңдату қажеті айтылды. Бұрын сотта 500 мыңдай қарызы бар тұтынушының жылжымайтын мүлігін тәркілеу ісін қараудан бас тартса, енді бірелсе жұмыс жасау қолға алынды.

Айта кетейік, коммуналдық кәсіпорын басындағы жалғыз мәсенле бұл емес. Бұрынғы айып тағылған басшылар Ринат Нұрышев пен Нұрлыбек Киреевтен де жұмқырылдыф деген соманы сот орындаушылары түгел өндірмеген көрінеді. Қысқы уақытта кәсіпорынмен ай сайын тұтынатын газ көлемі 500 млн. теңгені құрайды. Ал жазда 100 млн. теңге сомасындағы көгілдір отын пайдаланылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.