Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласындағы құрылыс нысандарында қауіпсіздік ережелері сақталмайды

c 18:15, 13/08/2018 c 905

0:00 / 0:00

Оны бүгін өткен рейд барысында көрдік. Биылдың өзінде БҚО-да өндірісте 24 жазатайым жайт тіркеліп, 2 адам мерт болған. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгін еңбек инспекциясы құрылыс нысандарын аралап, арнайы рейд өткізді. Алдын ала ескертусіз ұйымдастырылған рейдтің мақсаты-өндірісте еңбек қауіпсіздігі қаншалықты сақталатынын тексеру болатын. Нәтижесінде ірі құрылыс нысандарындағы жұмысшылардың арнайы киіммен қамтылмағаны және қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды.

2017 жылы облыста өндіріс ошақтарында еңбек етіп жүрген жұмысшылар арасында 57 жазатайым жайт тіркеліпті. Ал биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында қауіпсіздікті сақтауға деген салғырттықтан 24 жазатайым жағдай орын алып, 2 адамның өмірі қиылған. Бұл рейд алдын ала ескертусіз, өткізілді. Сондықтан бей-жәй отырған жұмыс берушілер ешқандай көзбояушылық жасап үлгірмеді. Сәйкесінше, анықталған ереже бұзушылықтар да көп болды.

Рейд шарасы барысында ірі нысандарды аралаған еңбек инспекциясының мамандары жазатайым жайт осындай бейқамдықтың салдарынан орын алатынын мәлімдеді. Мердігер кәсіпорындар қолда бар арнайы құрал-жабдықпен жұмысшыларын қамтымай отырғаны анықталды. Еңбек инспекциясы мамандары адам өмірі мен қауіпсіздігі-өндірісте бірінші кезекте қамтамасыз етілуі тиіс екен жұмыс берушілерге қатаң ескертті. Егер осындай жағдайлар қайталанса, ешкім жазадан жалтара алмайды. Алдағы уақытта да еңбек инспекциясы мамандары осындай рейдтерді жалғастыратын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.