Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында халыққа қызмет көрсететін көші-қон орталығы ашылды

c 17:15, 28/09/2018 c 959

0:00 / 0:00

Орталық бұрынғы жол полициясы басқармасы ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Ашылу рәсіміне қатысқан БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы жаңа көші-қон орталығы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімін айтарлықтай қысқартатын атап өтті.

Орал қаласында ашылып отырған көші-қон халыққа қызмет көрсету орталығы республика бойынша бесінші нысан. БҚО әкімдігі мен ішкі істер департаменті және азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ашылған орталықта көші-қон, криминалдық қызмет мамандары мен сақтандыру компаниялары, екінші деңгейлі банктерге орындар қарастырылған. Бір терезе қағидасы арқылы көрсетілетін қызметтер мерзімі енді 5-7 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады деп күтілуде. Орталықта мемлекеттік корпорацияның 11 қызметкері, ІІД көші-қон қызметінің 8 қызметкері таңғы сағат 9-дан кешкі 18:30-ға дейінгі уақытта жұмыс жасайды. Айта кетейік, облыста жыл басынан 6 мыңдай шетел азаматы еңбек етуге рұқсатнама алыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.