Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында көпбалалы ананы қағып кеткен полиция қызметкерінің соты басталды

c 17:32, 02/03/2020 c 541

0:00 / 0:00

Орал қаласында көпбалалы ананы қағып кеткен полиция қызметкерінің соты басталды. Орал қалалық сотында судья Айжан Мырзалы қылмыстық соттың бірінші отырысын өткізді. Сотқа келген экс-полиция Медет Рахадилов сот барысында түсінік беруден бас тартты. Ал, көп баланың әкесі әділдікті талап етіп отыр.
Жантүршігерлік жол апаты 2019 жылдың 7 желтоқсанында Жәңгір хан көшесінде түнгі мезгілде болған-ды. Осы оқиғаға кінәлі деп танылған полиция Рахадилов Медет көп ұзамай ішкі істер органынан жұмыстан қуылды. Енді бүгін экс-полицияның қатысумен болған істің алғашқы сот отырысы басталды. Сот отырысына екі жақтың да куәгерлері, жақын жуықтары түгел жиналды. Орал қалалық қылмыстық сотында қаралып жатырған істі судя Айжан Мырзалы қарап жатыр. Сотқа келген бұрынғы полиция қызметкері түсінік беруден бас тартты.
Былтыр желтоқсанда болған жол апатында әйел адам қаза тапты. Көпбалалы ананың артында төрт перзенті жетім қалды. Қапыда жол апатынан қаза тапқан әйелдің жолдасы соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Оның айтуынша, жол апаты болған күні экс-полицей удай мас болған.
Полиция қызметкерінің қатысымен болған жол апатына қатысты қылмыстық істің бұл алғашқы отырысы. Бүгін судья екі тарапты да тыңдады. Екінші сот отырысы наурыз айының 10-шы жұлдызына белгіленді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.