Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында кикбокстан К-1 нұсқасы бойынша облыстық турнир бастау алды

c 00:00, 06/03/2015 c 788

0:00 / 0:00

Ұйымдастырушылардың айтуынша біздің өңірімізде жылдан жылға спорттың бұл түрі қарқынды дамып келеді. Оның бір дәлелі бүгінгі чемпионат. Негізінен кикбокс- аралас жекпе жектің бір түрі. Алаңға шыққан спорт шеберлері қол мен аяқты қолданып, айқысқа түсіп, қарсыласына дәл соққы тигізу басты шарттардың бірі. Аталмыш әсерлі жарысқа жанкүйерлерде аз келмегені рас. Жалпы бұл спорт түрінен облысымыздың спортшыларының республикалық, әлемдік ареналарда жеткен жетістіктері аз емес. 40-тан аса спортшы жиналған жарыс үш күнге созылмақ. Осы аралықта жарысқа қатысушылар ұрыс кезінде жеңілген жағдайда келесі турға өте алмаса, іріктелген жеңімпаздар бір бірімен күш сынаспақ. Әдеттегідей чемпионат соңында жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар және медальдармен марапатталмақ. Ең бастысы олар ағымдағы жылдың маусым айында Семей қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.