Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында қазақы тазы иттердің көрмесі болып өтті

c 00:00, 18/05/2015 c 1440

0:00 / 0:00

Бұл көрмеге аудан-ауданан алып келінген 30-ға тарта иттің түрі қатысты. Оларды мамандар түр-сипаты мен өзіндік қасиеттеріне сәйкес тексеріп, араларынан жүйрік құмай тазы тұқымына жататындарын анықтауға тырысты. Аталған шараны ұйымдастырудағы мақсат- асыл тұқымды қазақы иттердің түрін дамытып, жетілдіру. Қазақ жерінде тазының құмай, қайың қаптал, ауған, орыс, түрікмен деген түрлері ұшырасады. Қазақы тазыны тау тазысы және дала тазысы деп бөлген. Елімізде таза тұқымды тазылардың саны жарты мыңнан ғана асады. Қазақ халқы құмай тазыны жеті қазынының бірі санаған. Жүйрік ат мінген ер жігіт құсбегілікпен қатар, құмай салып, оны абыройын асырар сенімді серігі санаған. Бұл иттердің ерекше қасиеті - өте таза, икемді, асқан жүйрік, алғыр, ақылды, көз жанары өткір болады. Түлкі, қоян, қарсақ, тіпті кейбірі қасқыр сынды аңдарды әп-сәтте қуып жетіп, тырп еткізбейді. "Ит жақсысы - тазы" деп әспеттеу бекер айтылмаса керек. Бұл көрмеден аласа бойлы, бірақ мүше-мүшесі әсем де сүйкімді, табан жүні мен құлағындағы шашағының ұзын сан алуан тазыларды көзіміз шалды. Соның бірі "Сылдыр". Бұл итті иесі талай рет аңға салыпты. Қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрді сақтап, оны өзгенің меншігіне айнадырмау үшін ауыл шаруашылығы минстрілігімен бұл иттердің стандарттары шығарылған болатын. Мәдени мұра ретінде құмай тазы сынды құндылығымызды сақтап қалу ұлт жанашырларының міндеті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.