Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында ит қапқан кейуана ажал құшты

c 17:58, 05/04/2018 c 812

Оқиға Некарасов көшесінің бойындағы жер үйлердің бірінде тіркелген. 77 жастағы жалғызбасты қария итті күшіктерімен бірге асырап алған екен. Белгісіз себептермен әлгі ит зейнеткердің аяғынан тістеп алған. Салдарынан жерге құлаған кейуана шақырылған жедел жәрдемге есік аша алмастан жан тапсырыпты. Сөйтіп жедел жәрдем көлігі шақырылған мекен-жайдағы үйге ене алмай, 20 минуттан соң кетіп қалады. Арада бір күн өткен соң әжесіне келген немере қызы оның өлі денесін көріп, полиция мен жедел жәрдемге хабар берген.

-"Шақырылған үйге келген жедел жәрдем қызметкерлері үйге кіре алмай, есік-терезені қағып біраз жүрген. Олар шақыртуды нәтижесіз деп таныған. Ал ертеңіне немересі қарияның денесін табады. Тексеру кезінде оның оң аяғынан иттің тістеген іздері табылған. Өлімнің нақты себебі сот медициналық сараптасынан соң белгілі болады",-дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.