Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында атты әскер орманда от тұтатқандарды жауапкершілікке тартты

c 18:10, 28/05/2018 c 875

0:00 / 0:00

Дала және орман өрттерінің алдын алу мақсатында табиғатты қорғау шаралары күшейтілуде. Демалыс күндері ТЖД мен жергілікті полиция қызметі атты взводпен орманға арнайы рейдке шықты. Демалушыларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, бірнеше тұлға әкімшілік жауапкершіліке тартылды.

"Сақтансаң сақтармын" демекші, облыста тілсіз жаудың алдын алу, сақтық шаралары күшейтіліп отыр. Қалың орман арасына авто көлікпен еніп, тексеріс жүргізу қиындау. Сол себепті рейдтік шараларға атты әскердің қызметі тартылған. Орманда тұтанған оттың салдары табиғатқа ауқымды залал келтірері анық. Осыған орай тұрғындар да демалыс кезінде барынша сақ болуы тиіс. Ережені ескермегендер жауапкершілікке тартылады.

Рейдтік шара барысында табиғат аясында демалушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шала өшкен оттың орны, шылым, күннің ыстығында шыны құтылардың қызуынан от тұтануы-барлығы адамдардың табиғатты қорғауға немқұрайлылығынан туындап отырған келеңсіздік дейді төтеншеліктер.

Жыл басынан облыста екі орман өрті тіркелген. Тілсіз жаудан 220 мың шаршы метр орман залал шеккен. Заңсыз от тұтатқан тұлғаларға 24 мың теңге айыппұл салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.