Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында "Ашық әкімдік" күні болып өтті

c 18:29, 12/02/2018 c 1027

0:00 / 0:00

Қазақ драма театрында оздырылған шараға әкімнен бастап, барлық мемлекеттік мекеме басшылары қатысып, тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Қарапайым азаматтар бұл жерде көкейлерінде жүрген сауалдарын билік өкілдеріне тікелей қойып, өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие болды.

Сенбі күні қазақ драма театрына жиылған қала тұрғындары әр түрлі сала бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарын бір жерде жиылған мамандарға қойып, түйткілді мәселелерін шешіп алды. Мәселен денсаулық сақтау басқармасына 16 шағым түсіп, басшылық тұрғындардың базынасын өз күнделігіне түртіп алды.

Тұрғындарды мазалаған басты сұрақтар - жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселелер мен баспанаға қол жеткізу және қоғамдық көлік қызметіне қатысты болды.

Тұрғындар әдетте шенеуніктерге арыз-шағыммен немесе өзге ұсыныспен жүгіну үшін алдын ала жазылуы керек. Ал "Ашық әкімдік" шарасы халықтың билікпен бетпе-бет жүздесіп, басқарма басшыларымен және әкіммен тікелей тілдесуіне жағдай туғызады.

Акция аясында сол мезетте басшылық алдына келген 350 адамның мәселесі шешіліп, қалған ұсыныстар күн тәртібіне жазылып алынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.