Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында айыппұлдарын уақытылы төлемеген көліктер айып тұрағына тоғытылып жатыр

c 16:28, 23/12/2019 c 524

0:00 / 0:00

Орал қаласында айыппұлдарын уақытылы төлемеген көліктер айып тұрағына тоғытылып жатыр.Бұл жолы полиция қызметкерлері соттың шешімі бойынша арест қойылған машиналарды үйлердің ауласынан алып кетіп жатыр.Айыппұлдарды өндіру мәселесі жыл бойына тұрақты түрде жүргізіліп келеді.Соған қарамастан айыппұлды уақытылы төлеуге асықпайтын көлік иелері бар.Енді оларға ешқандай кешірім жасалмайды.
Орал қаласының көшесімен жүріп өткен бұл көлікті қала тұрғындары көрді.Айыппұл төлемегені үшін ұсталды деген жазу да тектен тек емес.Полиция өкілдері азаматарды айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады. Әйтпеген күнде сот шешіміне сәйкес айыппұлы бар машиналарды полиция өкілдері иесінің рұқсатына қарамастан аулалардан , үйлердің жанынан алып кетіп, айып тұрағына қоятын болады.Ал, бұл машинаның иесі 50 мың теңге айыппұлды төлемеген.
Әкімшілік айыппұлдарды өндіру ісін БҚО ӘПБ тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қазір Орал қаласында айыппұлды өндіру ісі осылайша жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері жеке сот орындаушыларымен бірге айыппұлы бар машиналарды көшеден алып кетіп жатыр.Себебі айыппұлды уақытылы төлемеген адамдардың машиналарына соттың шешімі бойынша қойылған арест бар.
Бүгінде жеке сот орындаушыларының қолында 18 мыңдай айыппұл өндіру қағазы жатыр екен.Айыппұлды әр адам ерікті түрде төлеуі тиіс.Бірақ уақыт көрсетіп тұрғандай айыппұлды төлеуге асықпайтын адамдар да баршылық.Бүгінгі оқиға соған дәлел.Бұл іс алда тұрақты түрде жүргізілетін болады. Бүгінде айып тұрағына 300- ге жуық машина қойылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.