Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 20 көп қабатты тұрғын үй салынады

c 17:03, 18/02/2019 c 652

0:00 / 0:00

Орал қаласында 20 көп қабатты тұрғын үй салынады.Әуежай терминалы жөндеуден өтеді.Облысқа туристерді тарту мақсатында замануи талаптарға жауап беретін 5 жұлдызды 3 қонақ үй салынатын болады.Бұл жаңалықтарды БҚО әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.Халықпен есептік кездесу өткізген олыс әкімі атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспаралармен бөліскен еді. Облыс әкімінің есебіне ҚР энергтеика министрі Қанат Бозымбаев қатысты. Орал қаласындағы әуежай терминалы күрделі жөндеуден өтетін болды. Жоба 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұдан бөлек туристерді тарту мақсатында 3 бес жұлдызды қонақ үй және бір мәдениет үйі салынады. Екі жылыжай кешені іске қосылып, ішкі нарықты қажетті өніммен қамтуға үлес қосатын болады. Ал, "Квант" компаниясы іске қосатын жиһаз шығаратын фабрикасы жиһаз түрлерін сыртқа экспорттайды деп жоспарлап отыр. Халық алдында есеп берген облыс әкісі Алтай Көлгінов осындай ақжолтай хабарлармен халықты бір қуантып қойды.
Бұдан бөлек алыс аудандардағы апатты 5 мектептің орынына заманауи мектеп салу көзделген.Ал, Орал қаласының өзінде 7 мектеп салу үшін құжаттары дайындалып жатыр деді облыс әкімі.Халықтың денсаулығын жақсарту Елбасы әкімдердің алдына қойып отырған басты тапсырмалардың бірі. Осы бағытта Ақжайық аудандық ауруханасының жанынан инсульт орталық ашу жоспарланса, 160 адамға арналған кордиалогиялық корпус құрылысы Орал қаласында жүргізіледі.Бұдан бөлек денсаулық саласының 18 нысанына күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
БҚО бойынша ірі 3 спорт кешенің салу, жастарға арнап 5 коворкинг орталық ашу ісі де осы есептік кездесуде айтылды. Бұл жобалардың бәрі де ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстар. Қазіргі таңда қоғам назарында көп балалы аналардың тағдыры тұр.Есептік кездесу барысында көп балалы аналардың мәселесі туралы да айтылды. Осы бағытта аналарға көмек мақсатында әр отбасының әлеуметтік картасы жасақталатын болады.
Көмекке аса мұқтаж отбасылардың тізімі дайындалып жұмыс тобы солардың проблемасын шешумен айналысатын болады.Биыл "Мейірімді көктем" акциясы да осы көп балалы отбасыларға, көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созуға бағытталады.
Облыс аумағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге Елбасы қабылдаған 5 әлеуметтік бастама бағдарламасы қолайлы болып тұр. 2018 жылы облыс бойынша 7 - 20 -25 бағдарламасы арқылы 164 пәтер табысталған.Жалпы облыс бойынша бір ғана "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 432 мың шаршы метр үй салынған.Соңғы жылдары осы бағдарламалардың арқасында 1000 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлаған. Орал қаласы бойынша жолдарды жөндеу үшін 8,8 милярд қаржы бағытталған. Бүгінде қаланың өзінде 50 көшеге жөндеу жүргізілген.Олардың ішінде Құрманғазы, Маметова, Темір Масин, Асан Тайманов секілді басты көшелер де бар.Одан бөлек Депо көпіріне жөндеу жүргізіліп халық игілігіне берілгені белгілі. Ал қазіргі таңда Омега көпіріне жөндеу жүріп жатыр.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.