Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 2 бірдей білім нысанында күрделі жөндеу жүріп жатыр

c 18:17, 12/06/2018 c 1173

0:00 / 0:00

Оның бірі -№19шы жалпы орта білім беретін мектеп болса, екіншісі-"Солнышко" балабақшасының ғимараты. Қос нысанды толықтай жаңалап шығуға 400 млн. теңгеден аса қаражат бөлінген. Бұл жөнінде білім бөлімі хабарлады.

Бүгінгі күні 19-шы мектеп ғимараты толықтай күрделі жөндеуге байланысты бұзылып жатыр. Қабырғаларынан басқасы түгелдей ауыстырылады. Соның ішінде барлық электр, жылу, су желілелрі де жаңаланбақ. Жаңа есік, терезе салынып, жиһаздар сатып алынбақ. Ғимаратты жөндеуге 262 млн. теңге бөлінген.

"-Ал "Солнышко" балабақшасын жөндеуге 170 млн. теңге бөлінді. Қалада жөндеуді талап ететін 15 балабақша мен 10 мектеп бар",-дейді Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова.

Ғимарат 1970 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ескі ғимаратта оқыған балалар бүгінде күрделі жөндеудің өткізілуіне өте қуанышты. Бірінші кезекте жөндеуге қатты зәру нысандар таңдалып, тізім бойынша жаңалау көзделіп отыр дейді білім бөлімінің басшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.