Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 103 жаяу жүргінші жауапқа тартылды

c 16:21, 18/10/2019 c 676

0:00 / 0:00

БҚО - да "Жаяу жүргінші" жедел профилактикалық іс - шарасы басталды.Бұл шара енді жиі өтіп тұратын болады.Мұндағы мақсат қала ішінде жаяу жүргіншілердің қатысымен болатын апаттардың алдын алу.Жол көлік оқиғаларына кейде жаяу жүргіншілер себеп болып жатады.Себебі біздің қаламызда жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенді ұнататын адамдар баршылық.Ал, осындай жағдайлар көбіне апатқа әкеліп соғады.
"Жаяу жүргінші" шарасының мақсаты көшеде жаяу жүргіншілердің арасындағы қауіпсіздікті күшейту.Адамдар көбіне өз өмірлерін қауіпке тігіп, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп жатады.Мұндай жағдайлардың салдарынан жол апаты болып, адамдар жарақат алады.Кейде адам өлімімен аяқталатын сәттер де болып тұрады.Енді полиция қызметкерлері көшедегі жаяу жүргіншілерді, жолдың жиегінде көлік қозғалысына кедергі келтіретін тұрғындарды тәртіпке шақыратын болады.
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.Адамдар құқық бұзушылықтан бұрын өз өмірлерін қауіпке тігеді дейді инспекторлар.Қазір Орал қаласындағы көлік қозғалысы мен адам жүрісі көп орындарда полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.Бұлардың мақсаты жол -көлік апаттарынан адамдарды сақтап қалу, кісі өліміне жол бермеу.
Кеше ғана басталған шараның бірінші күнінде инспекторлар 350 әкімшілік хаттама толтырған. Соның ішінде 103 хаттама жаяу жүргіншілерге қатысты толтырылып, оларға 2 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.