Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оңалту орталығы ашылды

c 16:55, 06/06/2022 c 492

0:00 / 0:00

Өткен жұма күні коронавирусқа шалдығып, сауығып шыққан тұрғындарға медициналық көмек көрсету, сауықтыру мақсатында Орал қаласында оңалту бөлімшесі ашылды. Салтанатты іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева, сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау саласының мамандары, өңірдегі дәрігерлер мен сала ардагерлері қатысты. Нақтырақ айтсақ, былтыр шаһарда облыс тұрғындарын КВИ-ден емдеуге арналған 340 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілген еді. Пандемия кезінде аталмыш ауруханаға 10 203 науқас жатып, емделіп шыққан. Мінкей, бүгінде індетті еңсере келдік. Бірнеше айдың жүзі болды аталмыш аурухана бос тұр. Енді осы медициналық мекеме қайта жабдықталып, онда оңалту бөлімшесі ашылды. Ел аумағында 40 оңалту орталығы бар. Былтыр оңалтуға арналған 2000 төсек-орын болса, бүгінде олардың саны 4000-ға жетті. 20 орынға арналған оңалту орталығы бүгін жұмысына кірісті. Біртіндеп аудандардан науқастар келіп жатыр. Амбулаториялық оңалту шарасы 10 күн бойы осы аудан тұрғындарына жүргізілмек.Басқосуда ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, ардагер Бақтығали Ахметов сөз алып, індетке шалдыққан кезде осы модульдік ауруханада емделгенін айтты. Дәрігерлерге алғысын жеткізіп, оңалту орталығы жұмысының тиімділігіне тоқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.