Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқырмандар конференциясы өтті

c 18:32, 13/07/2022 c 2382

0:00 / 0:00

Орал қаласында оқырмандар конференциясы өтті. Кітап сүйер қауым "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының мұрындық болуымен жарық көрген туындыларды талдады.

Қазіргі таңда өмірге құштарлығы солып, көзінде оты сөніп, өмірдің мәні мен мағынасын жоғалтып алған жандар бар. Жаһанданған заманда жан ілімі кейінгі орынға ығысқаны рас.

Биыл "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорына 10 жыл толмақ. Осы баспа күні бүгінге дейін кітап сүйер қауымның көңілінен шыққан туындыларды қағаз бетіне түсіріп, салт-дәстүр, аңыз-әңгімелер, философиялық, психологиялық кітаптарды жазып келеді. Қордың негізін белгілі заңгер Абзал Құспан қалады.

Конференцияны Орал қаласының кітапханалар жүйесі ұйымдастырды.
Жиында кітапханашылар, ардагер ұстаздар мен қала тұрғындары кезек-кезек сөз алып, пікірлерін ортаға салды. Солардың бірі-Бибинұр Хамит. Оралдық ана "Отбасы" хрестоматиясының" кітаптарын күтіп жүріп сатып алады екен. Кейіпкеріміз оқулықта айтылған кеңестерді күнделікті өмірде қолданамын,- дейді.

Оқырмандар конференциясында "Отбасы хрестоматиясы" жобасы аясында жарық көрген "Қисса сүл-әнбия" және "Бисен және болмыс" атты кітаптар таныстырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.