Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқулықтар таратылуда

c 16:47, 12/08/2020 c 747

0:00 / 0:00

Орал мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық жалғасуда. Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуде. 1-11 сыныптарға арналған бірнеше баспаның оқулықтары білім алушыларға берілуде. Ал жаңа оқулықтар осы айдың 20 сынан бастап берілетін болады. Яғни барлық мектептер кестеге сәйкес оқулықтар алады. Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады. Биыл жаңартылған білім беру жүйесіне сәйкес 1 және 11 сынып оқушылары жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілмек. Орал қаласындағы білім ошақтарына кітіп алуға бюджеттен 1 млрд. 49 миллион теңге бөлінген.
Мәселен өткен оқу жылында карантиндік шараларға байланысты оқулықтар тапсырылмай қалғаны аян. Осы ретте ата-аналар алдымен үйдегі оқулықтарды тапсырып, белгілі бір уақыттан кейін жаңа оқу жылға арналған кітаптарды алуда. Қазақстанда алдағы оқу жылының алғашқы тоқсанында еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сынып оқушыларын қашықтан оқыту жоспарланған. Бүгінде облыс орталығындағы мектептер бұл жүйеге дайындықты жалғастыруда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.