Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық бюджет нақтыланды

c 16:15, 13/12/2019 c 465

0:00 / 0:00

Облыстық мәслихаттың 32-ші кезекті сессиясында Батыс Қазақстан облысының келер үш жылдағы бюджеті белгілі болды. Өңір бюджеті 192,7 млрд теңгені құрады. Қыруар қаржының басым көпшілігі әлеуметтік салаға бағытталмақ.

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында жиналған облыстық мәлихаттың депуттаттары БҚО -ның келер жылдағы бюджетін нақтылады. Мамандардың келтірген дерегі бойынша 2020-2022 жылдары облыс бюджеті 1932,7 млрд теңгені құрамақ. Келесі жылға арналған бюджеттің басым көпшілігі яғни, 51,4 млрд теңгедей қаржы әлеуметтік салаға жұмсалады. Мамандар әлеуметтік қолдауға, денсаулық сақтау мен білім беру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін 45 млрд теңгені бөлмек.

Келер жылға арналған бюджетте тұрғын үй коммуналды шаруашылығын дамыту үшін де біраз қаржы қарастырыпты. Ал, қала мен ауылдарда тұрғын үй салу үшін 16,7 млрд теңге бөлінеді. Белгілі болған облыс бюжетінде облыс орталығы мен аудандарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту үшін 7,2 млрд теңге қарастырылып отыр.

Жиын соңында сөз алған мәслихат депутаттарын тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. 32-ші сессия Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның алғыс хатын табыстаумен қорытындыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.