Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс орталығындағы құрылыс қарқыны

c 17:37, 09/07/2018 c 617

0:00 / 0:00

"Жаңа үйлерде ешқандай мәселе болмауы тиіс". Зашаған кентінде құрылысы жүріп жатқан нысанда облыс әкімі шаһар басшысы мен Зашаған кентінің әкіміне осындай қатаң ескерту жасады. Биылғы жылы өткен 2017 жылы құрылысы басталған үш көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуы тиіс. Олардың екеуі құрлыс жинақ банкі арқылы берілсе, енді бір тоғыз қабатты үй әлеуметтік аз қамтылған жандарға бұйырмақ.

Облыс орталығында өткен 2017 жылы құрылысы басталған тұрғын үйлер биылғы жылы аяқталуы тиіс. Зашаған кентінде бой түзеп келе жатқан үйлердің екеуі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшаларына тиесілі болса, тағы бір көп қабатты тұрғын үй пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналған. Бұл үйлердің баршасы 1-2 бөлмелі.

Облыс басшысы шаһарымызда бой түзеп келе жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан кезде, үйлердің сапасына мән беріліп, абаттандыру ісін қолға алуды тапсырды.

Сондай-ақ, облыс басшысы Құрманғазы мен Маметова көшелерінің қиылысындағы жылыту магистралінің жаңартылуымен де танысты. Аталмыш жұмыстардың баршасы "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Жер асты құбырларын жаңарту жұмыстары сәуір айында басталып, қыркүйекте аяқталмақ.

Өңір басшысы облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу барысында Тайманов көшелері мен Еуразия даңғылындағы жолдың күрделі жөндеуімен танысты. Биылғы жылы қала бойынша, 50 көшенің жолы жөндеу көреді деп жоспарланып отыр. Бұл мақсатта 7,5 млрд теңге бөлінуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.