Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары қызметінен кетті

c 17:53, 20/04/2021 c 485

Президент Тоқаев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов пен Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарларын және индустрия, инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің басшысын қызметінен босатты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды. Ол "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылданып жатыр" деп жазған. Естеріңізге сала кетейік, Тимуржан Шәкімов 2019 жылдың қарашасында облыс әкімінің орынбасары қызметіне кірісіп, күні бүгінге дейін жұмыс жасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.