Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімі Зеленов ауданында

c 12:43, 04/05/2018 c 776

0:00 / 0:00

Өңір басшысы асыл тұқымды ірі қара малын өсіріп отырған және егін салу ісін қолға алған диқаншылармен кездесті. Кездесу барысында шаруалар қордаланған мәселелерін ортаға салды. Диқаншылар мен ірі қара малды айналысып жүрген жандарды жер телімдерінің аздық етуін көтерді. Олар игерілмей жатқан жер телімдері бос жатыр,- дейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мемлекеттен берілетін субсидия мәселесін тілге тиек етті.

Бұл  - Нұрлан Карин. Ол Январцева ауылында асыл тұқымды қазақтың бас сиырын өсіруді қолға алған кәсіпкер. Кәсіп иесі 2016 жылы мал шаруашылығын қолға алыпты. Асыл тұқымды ақ бас сиыр өсіретін азамат былтырғы жылы 21 млн теңгедей мемлекеттің қолдауына ие болып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінгі таңда, ол 200 ірі қара малын өсіріпті. Биылғы жылдың аяғына дейін мал басын 400-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

Өңір басшысы асыл тұқымды ірі қара малын қарап болғаннан соң, малшылармен жүздесті. Кездесуге келген шаруалар толғандырған мәселелерін ортаға салды. Қордалаған мәселелердің бірі ол жер телімдері болды. Кәсіпкерлер мал санының өсуіне байланысты, жер телімдеріміз таршылық етеді,- дейді.

Өңірімізде егілетін дәнді-дақылдардың 55 пайызы осы Зеленов ауданына тиесілі. Қазіргі таңда диқаншылардың басым көпшілігі егін салу жұмыстарын бастап кеткен.

Диқаншылар да игерілмей жатқан жер телімдері төңірегіндегі мәселелерін ортаға салды. Сондай-ақ, егін шаруашылығын қолға алған жандарды биылғы жылы өзгеріске ұшырайтын мемлекеттік субсидия мәселесі де толғандырды. Олар өткен жылдары мемлекеттен қандай қолдауға ие болатынымызды анық білетін едік,- дейді.

Биылғы жылы 513 мың гектар жерге дәнді-дақылдар салынбақ. Бұл көрсеткіш, өткен жылдармен салыстырғанда 22 мың гектарға көп.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.