Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нан бағасы қымбаттады

c 17:36, 18/02/2019 c 953

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы барлық дүкендерде жоғарғы сұрыпты нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады.  Бұрындары жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 90 теңгеден тұрса, енді бұл өнімді қала тұрғындары 99 теңгеден сатылып жатырОрал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің  сектор меңгерушісі Мейрам Хайровтың сөзінше нан бағасы үшінші санатты бидайдың сатып алу бағасының қымбаттауына байланысты  өскен көрінеді.

МЕЙРАМ ХАЙРОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: - "Егер 2018 жылы бір тонна бидайды кәсіпкерлер 48-50 мың теңгеден сатып алған болса, 2019 жылдан бастап бір тонна бидайды 68-70 мың теңгеге сатып алған. Осылайша, ұн мен нан қымбаттады. Сонымен қатар, бұған тасымалдау шығындары да кіреді. Өйткені, негізгі көлем еліміздің солтүстік аймақтарынан әкелінеді, сондықтан бұрынғы бағаны ұстап тұру мүмкін емес.

Дүкеншілер болса наның бағасы осыдан екі жыл жарым уақыт бұрын 10 теңгеге өскенін ал, бірінші сұрыпты әлеуметтік маңызы бар нанның бағасы көтерілмегенін айтады.Оралда жеті ірі наубайхана жұмыс істейді және барлығында да баға қымбаттаған. Ал, тұрғындар болса ас атасының қымбаттайтыны осыдан біраз уақыт бұрын белгілі болды дейді. Биылғы жылдың қаңтарында жоғары және бірінші сортты ұн бағасы 250 теңгеге өскені аян.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.