Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мөңкеұлы көшесіндегі 113/1 мекенжайындағы үйдің сапасы сын көтермейді.

c 09:20, 17/08/2020 c 805

0:00 / 0:00

Орал қаласында жалға берілген Мөңкеұлы көшесіндегі 113/1 мекенжайындағы үйдің сапасы сын көтермейді. Нақтырақ айтқанда, балкондардың терезелері ашылып-жабылмайды. Үйдің есік-терезелерінен улеген жел түгел пәтерді алып кетеді. Бұл тұрғындардың шағымы. Бүгін Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байгулов осы баспананың тұрғындарымен тілдескен еді. Тұрғындар бастан асатын базыналарын жеткізді.
Бұл Мөңкеұлы 113/1 мекен жайындағы көп қабатты үй.Үй бір жыл бұрын тапсырылған.Мердігер компания "Альтаир.Тапсырылғанына бір жыл болмаған үйдің проблемасы шаш етектен.
Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің мақсаты мемлекеттік бюджеттің ақшасына салынған үйлердің құрылыс сапасын бақылау, талдау жүгізу.Бұл жолы тұрғындар үйдің терезесінен жел гулейтінін, балкондардың есігі ашылып жабылмайтынын айтты.Мердігер компаняның екі жылдық кепілдік мерзімі бар.Олар мұны жөндеуі керек.
Орал қаласындағы күйіп тұрған мәселенің бірі жолдардың сапасы.Мониторинг топ мүшелері Аймауытов, Жұмабаев көшелерінде жүріп жатырған жол құрылысын бақылады.Бұл жерден арнайы сынама алынып, тас жолдың ені, ұзындығы, қалындығы бәрі тексерілді.
Мониторинг топ мүшелері Орал қаласындағы жол құрылысын, жалға берілетін үйлерді тексерді.Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы арқылы төбелері жөнделген бірнеше көп қабатты үйге мониторинг жүргізді.Тұрғындармен сөйлесіп, халықтың арыз тілегін тыңдады.
Халық тарапынан айтылған барлық сын ескертпелер тиісті мекемелерге жіберіліп, қажетті шаралар жасалады дейді мониторинг топтың басшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.