Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мичуринде мал жаятын жер тапшы

c 17:11, 14/05/2021 c 694

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылының тұрғындары жайылымның жоқтығынан зардап шегіп отыр. Олар өзіміз үшін өсіріп отырған зеңгі баба тұқымын өріске жая алмай, діңкеміз құрыды. Тіпті, мал суаратын жағалау мен жайылымның барлығын жекеменшік кәсіп иелері қоршап қойды деп налиды.

Облыс орталығының іргесінде орналасқан Мичуриндік ағайын жайылым жерлердің болмауының кесірінен малдарын өріске жібере алмай, пұшайман күйге түскен. Ауылда біраз үй бірнеше бас малын жөнді баға алмай отыр. Олар қазіргі заманда табиғи өнімді тұтынып, күнелткіміз келеді. Алайда малды жайып, суаратын жер жоқ деп налиды.

Ауыл тұрғындары әкімге базынасын жеткізді. Атқамінер Мичурин ауылының бас жоспарында азаматтардың мал өсіруі үшін жайылым жердің қарастырылмаған деп кесіп айтты. Кеңес Одағы кезінен бастап ауыл өсімдік шаруашылығымен айналысып, осы бағытқа басымдық берген. Қазір қаланың маңында орналасқан ауыл болғандықтан бизнес өкілдері жерді жалға алып, кәсіптерін кеңейтіп жатыр,-дейді әкім. Бұрын ауыл тұрғындары малын жайып жүрген жерлер 3 кәсіпкерге тиесілі екен. Оның бірі жерді сатып алса, енді бірі жалға алыпты.

Ауылдық ағайын үшін мал суару проблемасы да өзекті. Себебі жердің иелері өздеріне тиесілі жағалау маңын қоршап қойған. Ал ұлтарақтай жерде жайылып жүрген зеңгі бабаның тұқымы шөліркеп, суға зәру. Атқарушы билік тұрғындарды толғандырған сауалды шешуге уәде беріп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.