Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру

c 09:27, 24/08/2020 c 491

0:00 / 0:00

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жетілдіруді қолға алды. Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтуынша, қағаз нұсқадан электрондық форматқа өту кезінде көптеген біліктілігі жоқ компаниялар да мемлекеттік сатып алуға қатысу фактісі жиіліп кетті. Оған тосқауыл қою мақсатында екі жыл бұрын қаржылық сәйкестік критерийі енгізілген болатын. Бұл құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алушыларға қолданыла бастады. Сондай-ақ, Қаржы министрлігі арнайы заң арқылы мемлекеттік сатып алуларды толығымен автоматтандыруды көздеп отыр.Енді тендер кезінде конкурстық комиссиялар болмайды.

Өздеріңізге мәлім мемлекеттік сатып алулар байқауы қазынадан бөлінетін қомақты қаржатпен байланысты. Бұл орайда, бюджет ақшасының әділ бөлінуі, қолды болмауы басты мәселе. Себебі, сыбайлас-жемқорлықпен қолға түсіп жатқан шенеуніктердің көбі осы мемлекеттік сатып алулар барысында конкурста белгілі бір компанияға басымдық жасап, пара алып қолға түсіп жатады.

Ал тендер арқылы сатып алынып жатқан шенеуніктердің қызмет көлігінің құны қанша деген сұраққа келсек.

Сәбит Ахметов – ҚР қаржы министрлігінің департамент директоры «Өткен жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 4,5 мың автокөлік алынғанды.Президент енгізген мораторий нәтижесінде қызметтік көлік сатып алу көлемі үш есе азайды. «Б» класының жеңіл автокөліг орташа алғанда 4,6 млн теңге тұрады. Өткен жылы 15 млрд-тың жеңіл көлігі сатып алынған. Қалғаны арнайы техника».

Жеңіл автокөлікті сатып алушылардың көбі ішкі істер органдары, ІІМ, полиция департаменті.  Дегенмен, кейбір әкімдер перзиденттің тыйымына қарамастан қызметтік көлік сатып алған. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр дейдің департамент басшысы.
Сондай-ақ, Сәбит Ахметов  мемлекеттік сатып алуларды толығымен автоматтандыруды көздеп отырмыз дейді. Енді тендер кезінде конкурстық комиссиялар болмайды. Конкурс барысында  тауар мен қызметті жеткізуші компанияны таңдау кезінде адам факторын толығымен жою қажет. Сонда ғана сыбайлас жемқорлық болмайды дедйі ол. Тағы бір мәселе, тендер барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алған компанияларға басымдық берілмек.

Сәбит Ахметов – ҚР қаржы министрлігінің департамент директоры «Мемлекеттік сатып алу кезінде жұмысқа мүмкіндігі шектеулі жандарды тартқан компанияларға басымдық беру қарастырылуда. Мұндай қадам жекеменшік компаниялардың мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке тартуға да ынталандырады. Еңбек етуге жарамды осындай жандар санатындағылардың жұмыспен қамтылу мәселесі де шешіледі»

Осылайша мемлекеттік сатып алу ісі мүгедек жандарды жұмыспен қамтуға жол ашпақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.