Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мамандар марапатталды

c 15:47, 13/12/2018 c 720

 

Мәртебелі мерекеміз қарсаңында өз саласының үздік мамандары марапатталды. Салтанатты шара қалалық әкімдік ғимаратында ұйымдастырылып, аталмыш шарада шаһарымыздағы түрлі сала мамандары марапатталды.

Миллиондаған боздақтың қанымен, талайдың көз жасымен келген тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елдің игілігі мен шаһарымыздың гүлденуі жолында танбай еңбектеніп келе жатырған азаматтар облыс басшысы мен шаһар әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын барысында қала әкімі тәуелсіздік алған жылдардағы ахуал мен бүгінгі жағдайды салыстыра баяндап, атқарылған бірқатар жұмыстарды жіпке тізді. Мәселен, тәуелсіздік алған 91 жылдары қала аумағында санаулы ғана балабақша болса, содан бері 20-ның үстінде мемлекеттік бөбекжай салынып, 17 жаңа білім ошағы іске қосылған. 2005 жылдан бастап 80 тұрғын үй бой түзепті.

Марапатқа ие болғандар түрлі саладағы мамандар. Олардың арасында құрылысшы да, дәнекерлеуші де, қарапайым жұмысшы да, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар мен коммуналды қызмет иелері де кездеседі. Еңбегі бағаланып, қала әкімінің қолынан марапат алғандардың бірі -Нұргүл Ашықова. Жеке кәсіпкер өз кәсібін ашып, қазір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

Тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен елдің тұрақтылығы экономикамыздың қуаттылығына да байланысты. Ел экономикасын нығайту жолында аянбай жұмыс жасап жүрген мамандар еңбегінің еленгені ел ертеңінің өркендеуі үшін керек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.