Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қыз баланы алып кетпек болған

c 17:25, 03/08/2020 c 664

Оралда аулада ойнап жүрген 6 жасар қыз баланы белгісіз бағытқа алып кетпек болған ер адам ұсталды. Оқиға 2 тамыз күні Оралдағы М. Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Кешкі 21.30-да Орал қалалық Полиция басқармасы Зашаған полиция бөлімшесінің кезекшілік бөліміне орын алған оқиға туралы хабар түскен. Аулада ойнап отырған қыз баланың жанына жақындаған ер адам оны жетелеп алып бара жатқаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыз баланың анасының арызы қабылданғанын, күдікті ұсталғанын хабарлады.Оның «орта дәрежеде» мас күйде болғаны да белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.