Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысқа сақадай саймыз

c 17:11, 19/10/2018 c 875

0:00 / 0:00

Қыс қашанда қиыншылығын ала келеді. Жауған қар тоқтай сала, шыңылтыр аяз қысып, жолдарды көктайғақ басады. Табиғаттың бұл тосын мінезі Оралдың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен көп салалы мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпорнының суық маусымға қаншалықты дайын екендігін көрсетеді. Бүгін аталмыш мекеме қызметкерлері науқанға дайындықтарын жариялады. Оған қала әкімі Мұрат Мұқаев та куә болды.

Бүгінде кәсіпорынға қарасты 100-дің үстінде техникаға қоса, қаладағы он мекемеден 73 көлік шаһар тазалығына атсалысатын болады.

Орал қаласының көлемі жылдан жылға ұлғаюына байланысты кәсіпорынға тиесілі жұмыстар қатары көбейіп келеді. Бұл орайда техникаларды жаңалау мен жұмыс қолын көбейту маңызды. Қар тазалау және көше сыпыру жұмыстарына 20 - дан аса техника тартылатын болады. Қыстың қиындық келтіретін уақытының бірі - көктайғақ. Көше бойларына қатқан мұздақтарды бүркеуге биыл барлығы 12 мың куб тонна тұз бен құм дайындалыпты.

Бүгінде жол тазалау кәсіпорнында 600-ге жуық адам жұмыс жасайды. Басты назарға автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің ең көп жүретін жерлері алынатын болады. Ең бастысы қала тазалығы мен тұрғындарына жайлылық тудыру мақсатында жұмыс жасайтын жандар өздерін суық маусымда толықтай саймыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.