Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қырылған балықтар себебі анықталды

c 16:52, 09/04/2019 c 809

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Қарасу тоғанында қырылған балықтар салмағы белгілі болды. Жалпы салмағы 3 тоннадан асатын балықтың әрқайсысы 40-50 грамм болатын майда шабақтар. Оқиға орнында болған мамандар биологиялық сараптама жүргізу барысында өлген балықтан паразитологиялық белгілердің анықталмағанын айтады. Ал судың құрамына жүргізілген санитарлық-химиялық сараптаудың қорытындысы таяу күндері белгілі болмақ. Алдынала болжам бойынша суасты тіршілік иелеріне ауа жетпей тұншыққан. Себебі Қарасу тоғаны балық өсіруге емес, ауылға керекті техникалық су алуға арналған тоған болып саналады. Ең терең деген жері 1-2 метрден аспайды. Мұндай оқиға 2017 жылы да болған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.