Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қырғыз президенті Қазақстанда

c 18:21, 02/03/2021 c 301

0:00 / 0:00

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров алғашқы мемлекеттік сапарын қазақ жерінен бастады. Құрметті қонақты Ақорда салтанатты түрде қарсы алды. Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестік мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы қарым-қатынасты талқылады.

Бұл пандемия барысында Ақорда қабылдап отырған алғашқы ресми қонақ. Қауіпті індеттің таралуына байланысты Президенттердің ел елді аралауы шектелген болатын. Көрші Қырғыз елінің су жаңа басшысы Садыр Жапаров Президент ретіндегі мемлекеттік сапарын бауырлас қазақ жерінен бастады. Ақорда құрметті қонақты қарсы алуға әбден дайындалғаны байқалады. Қырғыз басшысын қазақ Президенті қарсы алып, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Шум. Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне рапорт берді. Одан әрі президенттер қарауылының алдынан өтіп, шағын құрамда келіссөздер жүргізуге бет алды.

Өз кезегінде қырғыз басшысы екі елдің арасындағы қарым-қатынасты қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерімен сипаттады.

Садыр Жапаров  қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырды.Қос президент екі жақты стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы мәселелер қаралды.

Одан әрі қазақ-қырғыз басшылары бастаған топ  коронавирусқа қарсы бірлескен жұмыстарды талқылады. Қазақстан жағы қырғыз халқына кезекті гуманитарлық көмек ретінде медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер жолдауға дайын екенін айтты. Екі ел арасындағы сауда кедергілерін азайту, екі елдің кеден және салық органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, олардың жұмысына цифрлық технология енгізу жөнінде келісім жасалды. Сондай-ақ,  екі елдің экспорттық әлеуетін нығайтып, шағын және орта бизнес арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жақын арада Қазақстан делегациясы Қырғызстанға арнайы сапармен баратын болды. «Қордай»  бекетін жаңғыртып,  екі ел азаматтарының шекарадан қиналмай өтуіне жағдай жасалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.