Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құжаттарды цифрландыру жүйесі іске қосылды

c 17:43, 21/02/2022 c 408

0:00 / 0:00

Өткен аптадан бастап жергілікті ветеринариялық ұйымдар мен мал қабылдаушы кәсіпорындар (ет өңдеу кәсіпорындары, мал сою пункттері, бордақылау алаңдары) қызметінде жаңа «QR-код» электрондық қосымшасын енгізу қолға алынды. Электрондық қосымшаны қолдану арқылы ветеринариялық ұйымдардан берілетін анықтамаларда жеке «QR-код» түзіледі. Осының негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдерінің айналымына бақылау жасалады. Малды сойып, қабылдаушы кәсіпорындар «QR-код» электрондық қосымшасында берілген вет.құжаттар бойынша қабылдап алғандығын растап, тіркеу жүргізеді. «QR-код» қосымшасы үй жануарларының, оның өнімдерінің айналымына мониторинг жасап, жалған ветеринариялық құжаттар жасаудың жолын кеседі. Электрондық қосымшаға жергілікті ветеринариялық ұйымдар мен ет өңдеу кәсіпорындарының мал дәрігері мамандары тіркелді. Мал сою, өңдеу кәсіпорындары QR-коды жоқ ветеринариялық анықтамамен жануарлар мен мал өнімдерін қабылдамайды.
Қосымша іске қосылды. Бұл сала жұмысының мөлдірліген қамтамасыз етудегі негізгі қадамдардың бірі. Өйткені жалған ветеринариялық анықтамалар көбейіп барады. Өйткені малдың тең жартысы есепке алынбаған, оны сату үшін жалған құжат жасатады. Жаңа әдістеме малдың барлығын есепке алу үшін жасалуда. «QR-код» қосымшаға жергілікті ветеринариялық ұйымдар мен ет өңдеу кәсіпорындарының мал дәрігері мамандары тіркелді. Мал сою, өңдеу кәсіпорындары QR-коды жоқ ветеринариялық анықтамамен жануарлар мен мал өнімдерін қабылдамайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.