Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Күшіміз Бірлікте" қоры құрылады

c 09:21, 14/01/2022 c 2165

0:00 / 0:00

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы БҚО-да бүліктен зардап шеккен бизнес объектісі жоқ деп мәлімдеді. Сала мамандарының айтуы бойынша, күні бүгінге дейін кәсіпкерлер палатасына дүние-мүлкіме зиян келді деп ешбір бизнес субъектісі хабарласпаған. Қазіргі таңда бүліктен зардап шеккен кәсіпкерлер 1432 колл-орталығына қоңырау шала алады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының таратқан ақпарына сүйенсек, Ақжайық өлкесінде бүліктің кесірінен ешбір кәсіпкерлік нысаны зардап шекпепті. Сала мамандары дүние-мүлікке қатысты қиындық туындамағанын, дегенмен кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп жатқандарын айтады. Қазіргі таңда бизнес субъектілерін төтенше жағдайдың енгізілуі, мемлекеттік сатып алу мен тауарлардың тасымалдануы сынды проблемалар мазалайды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты дүкендер мен сауда нүктелерінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды.

Және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы оңтүстік шаһарларда бүлікшілердің кесірінен мүліктері тас-талқаны шыққан кәсіпкерлерге көмек қолын созу үшін "Күшіміз Бірлікте" атты қор құруды ұсынған еді. Осы қор әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң кез-келген азамат бүліктен зардап шеккен кәсіп иесіне қол ұшын бере алады.

Сурет https://atameken.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.