Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Круглозерныйда "Ашық әкімдік" өтті

c 17:44, 19/09/2019 c 704

0:00 / 0:00

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Круглозерныйда өткен"Ашық әкімдік" шарасына қатысты. Аталмыш шараға кенттің 44 тұрғыны келіп, түйіткілді сауалдарын жолдаған.

Елбасының бастамасымен осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан, ашық әкімдік шарасы қалаға қарасты Круглозерныйда жалғасты. Абат Шыныбеков бастаған атқа мінерлер 44 ауыл тұрғынының талап-тілегін тыңдап, азаматтарды қабылдаған болатын. Облыс орталығының іргесінде орналасқан кенттің 6000 мыңдай тұрғыны бар.

"Ашық әкімдікке" келген тұрғындарды балабақша кезегі, жер телімдерін рәсімдеу мен күл-қоқыстың уақытылы шығарылуы және №51 маршрут мәселесі толғандырады. Қала мен ауылға апаратын аталмыш автобустың жүріс-тұрысы қыста әкім есебінде бірнеше жыл қатарынан көтеріліп келе жатыр. Ауыл тұрғындары қалаға қатынау үшін 40 минут не 1 сағаттай автобусты күтеді.

Осы маршрутқа жауапты автопарк өкілдері автобус 60 шақырым бағындырады. Бұл, қалалық маршрут үшін өте үлкен арақашықтық,- дейді.

Билік пен бұқараны байланыстыратын "Ашық әкімдік"  қыркүйектің 20-сы күні аяқталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.