Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚР Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты.....

c 15:33, 08/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын қызметке салғырт қарады деген күдікпен ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оның қамауға алынуына санкция берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің үш басшысын атқаратын қызметтерінен босатқаны хабарланған болатын. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен «Хазар қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы барысында болған. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткен. Іздестіру операциясының қорытындысы бойынша 14 әскери қызметшінің қаза тапқаны, үш әскери қызметшінің аман қалғаны хабарланды. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссияға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.