Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ковидке қарсы 30 552 адам екпе алған

c 17:54, 28/05/2021 c 637

0:00 / 0:00

БҚО-да коронавирусты жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жансақтау бөлімдерінде төсек-орын толымдығы 37,5 пайызды құрапты. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Арман Қалибеков мәлімдеді.

Осы аптада облыс коронавирустың таралу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты сары аймаққа шықты. Бірақ мамандар жағдайдың әлі де болса тұрақты еместігін айтады. Күн сайын вирусты жұқтыру бойынша 90-100 факті тіркеліп отыр. Өткен тәулікте 95 адамнан індет анықталған. Қазіргі таңда 27 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың басым көпшілігі 60-80 жастағы қариялар екен.

1-ші ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны басталған болатын. Күні бүгінге дейін облыс тұрғындарының 30552-сі екпенің қос компонентін қабылдап үлгеріпті. Жалпы өңірге 138000-нан астам вакцина әкелінген.

26-шы сәуірден бастап ел бойынша "Ашық" бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама аясында 391 бизнес субъектісі жұмыс жасайды. Тексеріс барысында "Ашықпен" қызметтерін жандандырған 15 кәсіпорынның белгіленген талаптарды бұзғаны анықталыпты. Оларға ескерту берілген.

Сурет www.dw.com сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.