Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көше кезгендерге көмек

c 18:01, 04/03/2021 c 621

Бүгін БҚО ҚХА татар этно-мәдени бірлестігі 30 игі іс акциясы аясында белгілі бір мекен-тұрағы жоқ кезбелерге таңғы ыстық тамақ таратты. Қайырымдылық шарасы 1 наурызда бастау алған. 40-қа жуық жанға ыссы тамаққа қоса медициналық көмек те көрсетілді. 35 адамға таңғы ас таратқан татар этно-мәдени бірлестігінің өкілдері белгілі тұрағы жоқ жандарға қамқорлық көрсетіп қана қоймай, психологиялық көмек берген жөн деп санайды. Ұйымдастырушылар тағдырдың сан түрлі сынағына ұшырап, қиын жағдайда қалған жандарға қол ұшын беру арқылы демеу болуға осындай игі шаралар бастама болатынына сенімді.Жиналғандар арасындағы тұлғалардың жағдайы әртүрлі. Бірінің үй- күйі жоқ болса, енді бірі белгісіз жағдайда құжаттарын жоғалтқан.Шараны ұйымдастырушылар: "Қайырымдылық акциялары үздіксіз жүргізіледі",- дейді.Бүгінде бейімдеу орталығында 50-ден аса адам бар. Мекеме мамандарының көмегімен олардың жеке бас құжаттары жинақталып, жұмысқа орналастыруға қарекет жасалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.