Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қос ауылға газ берілді

c 16:50, 14/01/2022 c 1891

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Павлов пен Горбунов елдімекендеріне газ берілді. Қос ауыл көгілдір отынды көп жылдан бері күтіп келген еді. Тұрғындар қуанышын арна тілшілерімен бөлісті.

Павлов ауылының тұрғыны Саражан Ізмұхамбетова бірнеше жылдан бері көмір жағып, үйін жылытып, ас-ауқатын пісіріп келеді. Саражан ханым секілді осы ауылдың тұрғындары талай жылдан бері көгілдір отынсыз күн кешті. Олар қыс жақындаған шақта көмір алып, қи жағып күнелтіп келді. 2022 жылдан бастап Горбунов пен Павлов ауылының тұрғындары қи тасып қиналмайтын болды. Қос ауылға газ келді.

2021 жылы Бәйтерек ауданында 8 ауылға газ тарту жұмыстары атқарылыпты. Қазіргі таңда төрт ауыл көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Сала мамандары алты елдімекенге газ тарту үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңгедей қаражат бөлінгенін айтады.

Бәйтерек ауданына қарасты ауылдарға газ тартудан бөлек, Махамбет ауылында кәсіпкерлердің қолдауы арқасында кітапхана мен балабақша ашылды. Жергілікті бизнесмен өзінің ғимаратын мемлекетке өткізіпті. Билік осы ғимаратты жөндеп, ауылдық кітапхана ашқан. Сондай-ақ, атымтай жомарт жандардың арқасында 75 орындық балабақша ашылып, мәдениет үйі жөндеу көрген.

Сурет https://inbusiness.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.