Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоршаусыз қала

c 18:10, 18/07/2019 c 955

0:00 / 0:00

Шаһарды шырайландыру шаралары ширай түсті. Қазір «Қоршаусыз қала» жобасы аясындағы жұмыстар Жуков, Құрманғазы, Гагарин, Сырым Датов көшелері бойында жүргізілуде. Ендігі кезекте Назарбаев даңғылындағы қоршауларды алып тасталынатын болады. Абаттандыруға 20 - ға жуық жұмысшы тартылған.Сала мамандары: металл қоршауларды жою жаяу жүргіншілер жолдарын кеңітеді - дейді. Тұрғындар саялайтын орындар көбейіп, қала келбеті одан әрі келісе түседі деп сендіреді олар. Облыс орталығанан алынған биіктігі 80 см болатын темір қоршаулар басқа қаделерге жаратылмақ. Материалдар аудандарға жөнелтіліп, елді мекендердегі агроқұрылымдарда қолданылатын болады. Бастама туралы оралдықтар пікірі екі ұшты. Жастар бұл жаңашылдықты қолдаса, шаһардың егде тұрғындары бұл қоршаулардың қалаға қажет екендіктерін айтады. Ал, абаттандыру жұмыстары көп кешікпей басталады. Жоспар бойынша қоршауы алынған көше бойларына түрлі компазициялық туындылар қойылып, шағын гүлзарлар пайда болады дейді осы іс-шараны жүзеге асырушылар. Ал, аталған жұмыстарды қала бюджеті қаржыландырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.