Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоршаулар аудандарға жөнелтілмек

c 16:35, 01/08/2019 c 670

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасымен шаһарымызда "Қоршаусыз қала" жобасы іске асуда. Бағдарламаның аясында облыс орталығындағы 8 көшенің қоршаулары алынып жатыр. Қазіргі таңда Назарбаев пен Еуразия даңғылында жұмыстар аяқталды. Қаланың қоршаулары аудандарға таратылып бермек.

Шаһарымыздың эстетикалық жағдайын жақсарту мен тұрғындардың демалыс аймағын кеңейту мақсатында "қоршаусыз қала" жобасы іске асуда. Аталмыш бағдарламаның аясында көше бойындағы қоршаулардың демонтаж жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандарының сөзінше сенсек, бүгінгі таңда Назарбаев пен Еуразия даңғылында жұмыстар аяқталған. Жалпы 8 көшенің қоршауы алынбақшы. Темір қоршаудың жалпы ұзындығы 16-17 шақырымдай.

Қаланың қоршаулары бірінші болып, Қазталов ауданына жіберілмек. Сала мамандары 750 дана темір қоршауды ауыл-аймаққа таратып беріп, тал-теректерді қорғаймыз деп отыр.

"Қоршаусыз қала" жобасы биылғы жылдың аяғына дейін жалғаспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.