Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ 13 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

c 12:41, 08/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексерудің алғашқы кезеңі қорытындыланды. Оның нәтижесінде мемлекеттік мүлікті жымқыру, лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану және өзге де заңбұзушылықтар бойынша 13 қылмыстық іс қозғалған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия мүшелерімен кеңес өткізді. Президентке тексерудің алғашқы нәтижелері баяндалды. Комиссия мәліметінше, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға Қарулы күштердегі бірқатар жүйелі мәселенің бар екенін көрсеткен. Алдын ала тергеу қорытындысы әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер болғанын және бұрынғы басшылық тарапынан тиісті бақылау жүргізілмегенін көрсетіп отыр. Оқиғаға қатысты қызметтік міндетін тиісінше орындамады деген күдікпен бес лауазымды тұлға қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Олардың әрекетіне түпкілікті құқықтық баға тергеу аяқталған соң беріледі. Сонымен қатар әскери тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға қатысты бірқатар кемшілік анықталған. Әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс қарым-қатынас пен күш қолдану фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалған. Президент комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Тексеру нәтижелері Қарулы күштерді реформалау жоспарына енгізіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.