Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Көмек жолын бөгеме!"

c 17:22, 28/05/2020 c 436

0:00 / 0:00

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметінің мамандары "Көмек жолын бөгеме" атты рейд шарасын ұйымдастырды. Шара барысында арнайы өрт сөндіру көліктері қала көшелерімен жүріп өткен болатын. Полиция қызметкерлерінің таратқан ақпарына сүйенсек, биыл арнайы көлікке жол бермеген көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп бұзған жүргізуші әкімшілік кодекстің 598- бабы, бірінші тармағы бойынша жауапкершілікке тартылыпты.

Адам баласы түрлі жағдайға тап болса, қызыл жалынды сөндіру немесе адамның өмірін ажалдан арашалау үшін құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұрайды. Қоңырауды қабылдаған мамандар лезде оқиға орнына аттанып, тілсіз жауды уақытылы ауыздықтауға тырысады. Бірақ тас жолда асығыс шақыртуға бара жатқан көліктерге өзге темір тұлпарлар жол бермей жататын деректер кездеседі.

Қолданыстағы заңнама бойынша арнайы көліктерге барлық жол қозғалысының өкілдері, яғни жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол беруі тиіс. Мамандар 2020 жылдың бір айында жол бермеген 1 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салған. Бұл тек тіркелген жайт қана.

Көмекке асыққан көліктерге жол бермеген жүргізушілер әкімшілік құқық бұзушылықтың 598 бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.