Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көмек керек...

c 17:57, 19/02/2019 c 529

0:00 / 0:00

Орал қаласының Серебряков кентінде тұратын Әділхан есімді 9 жасар тұрғынның өз аяғына тұру үшін қаражат қажет. 1000 нан бір адам ғана ауратын  дертке шалдыққан  Әділханның анасы баласының жағдайын жақсарту жолында қомақты қаражат қажет екенін айтып, редакциямызға хабарласты.  Әділханның анасының айтуы бойынша бір жылда Әділхан үшін жұмсалатын қаржының көлемі 3 млннан асады. Яғни мемлекеттен беріліп отырған  ай сайын төленетін 70 мың теңге жыртыққа жамау бола ма? Сондай-ақ, саулығын жақсарту үшін де қолайлы ортаның болуы тиіс. Бүгінде олар 40 мың теңгеге екі бөлмелі пәтер жалдап күн кешуде. Жуырда 9-ға толатын Әділханның арманы асқақ, қайтсемде дендеген дертті жеңіп, өзі қалаған ортада бақытты балалықтың бал дәмін татамын дейді. Бүгінде Ляззаттың Әділханнан бөлек 6 баласы бар. Қайтсемде Әділханды ел қатарына қосам деп шырылдап жүрген ата-анаға демеу беріп қолтықтарынан сүйеп жүргендер жоқ емес. Мәселен облыстық білім беру басқармасы мамандарының қолдауымен  алдағы айда емге қаражат жиналыпты. Бірақ тағы бір айта кететін жағдай сәуір айында науқасты тағы бір күрделі ота күтіп тұр. Әділханның  тағдыр жолында кездескен қиындығын жеңу жолында көмек қолын созуға әр қайсымыздың мүмкіндігіміз бар. Ол үшін 87753381249 байланыс телефонына хабарласуға болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.